Сарапшылар жүкті әйелдерге "Спутник V" вакцинасын егуді мақұлдады. Бұл туралы жұма күні РФ Денсаулық сақтау министрі Михаил Мурашко мәлім етті, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.
"Бүгін вакцинаның қауіпсіздігін тексерудегі клиникаға дейінгі зерттеудің оң нәтижелерін, сондай-ақ клиникалық зерттеулер мен тіркеуден кейінгі кезеңдегі тиімділік пен қауіпсіздік бойынша жинақталған деректерді ескере отырып, сарапшылар жүкті әйелдерге "Гам-ковид-вак" вакцинасын қолдануға қарсы көрсеткіштерді алып тастау туралы шешім қабылдады", – деді Михаил Мурашко коронавирус инфекциясымен күрес бойынша үйлестірілген кеңесте.
Бұған дейін Қазақстандық репродуктивті медицина қауымдастығының президенті, ҚР академигі және бас репродуктологы Вячеслав Локшин жүкті әйелдердегі коронавирус инфекциясының ағымы туралы айтқан болатын.