$ 444.22  476.38  4.82

EURO-2020-ның плэй-офф кезеңі: 26 маусымда кімдер ойнайды?

Алғашқы матчті Qazaqstan тікелей эфирде көрсетеді.

EURO-2020-ның топтық кезеңі аяқталды. 26 маусымда чемпионаттың 1/8 финалында Уэльс Данияға, Италия Аустрияға қарсы ойнайды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Амстердамда Уэльс пен Дания ойнайды (Нұр-Сұлтан уақытымен 22:00-де басталады).

Лондонда Италия мен Аустрия ойнайды (Нұр-Сұлтан уақытымен 01:00-де).

Алғашқы матчті Qazaqstan тікелей эфирде көрсетеді. Трансляцияны телеарнаның ресми сайтынан да көруге болады. Екінші ойынды Qazsport көрсетеді.

Еске салайық, футболдан Еуропа чемпионаты 1/8 финалының барлық жұбы белгілі болды. Плэй-офф кезеңіне 16 құрама жолдама алды.

Еске салайық, Еуропа чемпионаты 11 маусымда басталған. Финал 12 шілдеге қараған түні Лондондағы "Уэмбли" стадионында өтеді. Турнир Еуропаның 11 қаласында болып жатыр. 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары

Тегтер:

#Футбол #евро