Жаңалықтар 27.06.2021 сағат 01:33

Қылқындыру әдісімен жеңді: Шавкат Рахмонов UFC-дегі екінші жекпе-жегінде жеңіске жетті ( ВИДЕО)

Жалпы бұл Рахмоновтың аралас жекпе-жектегі 14 жеңісі. Ол әлі жеңілген жоқ.
Қылқындыру әдісімен жеңді: Шавкат Рахмонов UFC-дегі екінші жекпе-жегінде жеңіске жетті ( ВИДЕО)
Бөлісу
Бөлісу
Бөлісу

UFC ұйымында өнер көрсететін қазақстандық спортшы Шавкат Рахмонов (13-0) UFC Vegas 30 турнирінде өнер көрсетіп, бразилиялық Мишель Празересті (26-3) жеңді, деп хабарлайды Vesti.kz.

Бұл айқас Лас-Вегас қаласында өтіп, 26 жастағы отандасымыздың пайдасына аяқталды. 

Бірінші раундта Рахмонов қарсыласын бақылап, әлсіз тұстарын анықтады. Алғашқы раунд барысында қазақстандық спортшы бір тейкдаун жасап, раундты өз пайдасына аяқтады. 

Ал екінші раундта Шавкат өте белсенді бастап, қарсыласын қылқындырып тасады. Осылайша отандасымыз UFC ұйымындағы екінші кездесуінде жеңіске жетті. 

Жалпы бұл Рахмоновтың аралас жекпе-жектегі 14 жеңісі. Ол әлі жеңілген жоқ. 

Еске салайық, Шавкат Рахманов UFC ұйымында өткен жылы қазан айында бірінші кездесуін өткізіп, бразилиялық Алекс Оливейраны 22-9-1-2) жеңген еді. 

Оқи отырыңыз

загрузка...

Соңғы жаңалықтар

Аптасына бір рет ең танымал мақалалардың дайджесін жібереміз

Қызықты материалдар