$ 494.87  520.65  4.91

Аптап ыстық, жаңбыр, найзағай - 27 маусымға арналған ауа райы

Түнде және таңертең Қарағанды облысының кей жерлерінде тұман түсуі мүмкін.

Жексенбі елімізде ауа райы ыстық болады, кей жерлерде өткінші жаңбыр жауы, найзағай ойнайды, депа хабарлайды ҚазАқпарат Қазгидрометке сілтеме жасап.

27 маусымда Қазақстанның солтүстігінде, орталығында, шығысында және солтүстік-батысында атмосфералық ағындардың өтуіне байланысты жаңбыр жауады, найзағай жарқылдайды. Батыс және оңтүстік аймақтарда күн райы ашық болуы мүмкін. Еліміздің кей жерлерінде жел күшейіп, тұман түсуі ықтимал, солтүстік-батыста бұршақ жауады.

Қостанай облысының кей жерлерінде найзағай ойнап, бұршақ жауады, таңертең кей жерлерде тұман түсуі мүмкін. Күндіз кей жерлерде жел 15-20 м/с күшейеді.

Ақтөбе, таңертең және күндіз Ақмола облысының кей жерлерінде найзағай жарқылайды, жел 15-20 м/с күшейеді.

Солтүстік Қазақстан, Шығыс Қазақстан облыстарының кей жерлерінде найзағай ойнап, Солтүстік Қазақстан облысының кей жерлерінде түнде және таңертең тұман түсуі мүмкін. Жамбыл облысының кей жерлерінде жел 15-20 м/с күшейеді.

Түнде және таңертең Қарағанды облысының кей жерлерінде тұман түсуі мүмкін.

Күндіз Батыс Қазақстан, Атырау, Маңғыстау облыстарының кей жерлерінде аптап ыстық, кей жерлерде өте қатты ыстық болады.

Ақтөбе облысының басым бөлігінде, Қостанай облысының кей жерлерінде қатты ыстық сақталады.

Қызылорда, Маңғыстау, Атырау, Ақтөбе, Түркістан, Жамбыл облыстарының басым бөлігінде, Қарағанды, Батыс Қазақстан, Қостанай, Алматы облыстарының кей жерлерінде өрт қаупі өте жоғары болуы ықтимал.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары

Тегтер:

#ауа райы