27.06.2021, 17:56

Қазақстан «қызыл» аймаққа қайта өтті

Фото: inbusiness
Елде эпидемиологиялық ахуал нашарлаған.

Қазақстан өңірлерінде коронавирус бойынша эпидемиологиялық ахуалды бағалау матрицасы жарияланды, деп хабарлайды ҚазАқпарат. 

27 маусымдағы жағдай бойынша, «қызыл» аймақта: Нұр-Сұлтан, Алматы қалалары, Атырау, Батыс Қазақстан және Қарағанды облыстары орналасқан. 

«Сары» аймақта: Шымкент қаласы, Қостанай және Маңғыстау облыстары тұр. «Жасыл» аймаққа: Ақмола, Ақтөбе, Жамбыл, Қызылорда, Шығыс Қазақстан, Павлодар, Солтүстік Қазақстан және Түркістан облыстары енген. 

Айта кетейік, 26 маусымда «қызыл» аймаққа 4 өңір: Алматы қаласы, Атырау, Батыс Қазақстан және Қарағанды облыстары қосылып, «қызыл» статустағы өңірлер саны 5-ке жеткен болатын.