$ 447.4  477.55  4.76

«Қазақ стилі қандай екенін әлемге көрсеттім» - Әлімханұлы жеңісі туралы

Рейтінгім жоғары, енді кез келген орта салмақтағы боксшымен кездесе алатыныма сенімдімін.
Фото: ашық дереккөзі
Фото: ашық дереккөзі

Қазақстандық боксшы Жәнібек Әлімханұлы АҚШ-тың бұрынғы әлем чемпионы Роб Брантты мерзімінен бұрын жеңгеннен кейінгі әсерін бөлісті, - деп хабарлайды Vesti.kz.

"Қазақ стилі қандай екенін әлемге көрсеттім. Роб Брант жайдан-жай әлем чемпионы болған жоқ, бірақ, мен арсеналымды толық көрсетуге шықтым және көрсеттім. Рейтінгім жоғары, енді кез келген орта салмақтағы боксшымен кездесе алатыныма сенімдімін. Бадди МакГиртпен тамаша жаттығу лагері өтті. Бұл - ауыр еңбектің жемісі", - деп береді Жәнібектің сөзін Boxingscene.com.

Айта кетейік, Әлімханұлы өткен демалыс күндері Лас-Вегастағы бокс кеші аясында бақ сынаған болатын. Алтыншы раундта ол қарсыласын нокдаунға түсіріп, ал сегізінші раундта Бранттың бұрышындағылар жекпе-жекті жалғастырудан бас тартты. Осылайша, Әлімханұлы орта салмақтағы үздік 10 боксшының қатарына енді.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары