$ 494.87  520.65  4.91

Коронавирусқа қарсы вакцина алған ер адам 10 минуттан кейін қайтыс болды

Оқиға Иорданияда болған.

Иорданияда 66 жастағы ер адам коронавирусқа қарсы вакцинаның екінші дозасын алғаннан кейін қайтыс болды деп жазады РИА Новости. Оған AstraZeneca екпесі егілген. Марқұм алдымен есін жоғалтып, 10 минут ішінде жан тапсырған.

Денсаулық сақтау министрі Фирас әл-Хаваридің мәлімдеуінше, ер адам созылмалы аурумен ауырған. Алайда, екпенің бірінші дозасын алғанда оның денсаулығы мүлдем сыр бермеген екен. Қазір марқұмның өлімінің себебі анықталып жатыр деді министр. Алғашқы екпесін ол 4 сәуірде алған.

Пандемия басталғалы бері Иорданияда 749 мың адам коронавирус инфекциясын жұқтырған. Оның 9,7 мыңы қайтыс болыпты.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары