$ 447.4  477.55  4.76

Алматыда шетел азаматтары жаңа туған нәрестесін сатып жіберген

Министрлік мәліметінше, баланы Өзбекстан азаматы сатқан.
Фото: ашық дерекөз
Фото: ашық дерекөз

Ішкі істер министрлігі онлайн брифинг барысында Алматыда жаңа туған баланы саудалау фактісі анықталғанын жеткізді деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Министрлік мәліметінше, баланы Өзбекстан азаматы сатқан.

"Алматыда полиция жаңа туған баланы сату фактісін анықтады. Ерлі-зайыптылар - Өзбекстан Республикасының азаматтары. Олар баланы Жамбыл облысының тұрғындарына сатқан", - деді ішкі істер министрлігінің ресми өкілі Нұрділдә Ораз.

Министрлік басқа мәліметтерді жария еткен жоқ. Естеріңізге сала кетейік, осыған дейін Өзбекстанның Андижан қаласында тәртіп сақшылары сегіз айлық баласын 5 мың долларға сатпақ болған әйел адамды қылмыс кезінде қолға түсірген.

"Жиырма жастағы Өзбекстан азаматшасы қызы мен оның туу туралы куәлігін 5000 АҚШ долларына сатып алушыға тапсыру кезінде ұсталды", - деді Өзбекстанның бас прокуратурасының баспасөз қызметі. 

Күдіктіге қатысты "кәмелетке толмағандарды сату" бабы бойынша қылмыстық іс қозғалды. Осы бап бойынша жаза сегіз жылдан 12 жылға дейін бас бостандығынан айыруды көздейді.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары