Нұр-Сұлтанда LRT жобасы бойынша құрылыс-монтаждау жұмыстары қайта басталды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz.
Құрылыс алаңынан ірі техникаларды, ҚХР-дан келген жұмысшылар мен LRT үшін қажет жаңа конструкцияларды көруге болады.
CTS көлік компаниясының мәліметінше, қытайлық мердігер дайындық жұмыстарын жүргізіп жатыр.
«Қазіргі уақытта Қытайдың мердігер ұйымы - CNTIC консорциумы шарт міндеттері шеңберінде құрылыс-монтаждау жұмыстарын жүргізу бойынша дайындық жүргізіп жатыр. Олар жүргізетін құрылыс-монтаж жұмыстарының кестесі пандемияға байланысты түзеліп отырады», - деп хабарлады CTS өкілдері.