Ұстаз, Қазақстан Республикасының Білім беру ісінің құрметті қызметкері Өмір Шыныбекұлы Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетовке шүйлікті. Ол Түркістан облысы білім саласындағы былықтарға көңілі толмайтынын жеткізген.
«Түркістан облысы білім саласындағы осынша былықты естіп, көріп біліп отырып саусағын қыбырлатуға мұршасы келмей отырған Білім және ғылым министрі Аймағамбетов отставкаға кетуі керек», - деп жазды ол.
Педагог егер министр отставкаға кетпесе өзіне берілген төсбелгілерден бас тартатынын айтқан.
«Министр отставкаға кетпесе БжҒМ берген «Қазақстан Республикасының Білім беру ісінің құрметті қызметкері», «Ы.Алтынсарин» төсбелгілерінен бас тартатынымды мәлімдеймін. Мұндай шарасыз министрліктен алған марапаттардың құны мен үшін көк тиын. Ал соттасаң соттап жібер. Педагог-әріптестерім демалыс кезінде шөп шауып жылап жүргенде мен мынау сылдырмақтарды тағып отырғаным иттік болар еді», - дейді ол.