$ 494.87  520.65  4.91

Ауыл әкімдерін сайлауға арналған бюллетеньдерінде «барлығына қарсымын» бағаны енгізіледі - Карин

Сөзінше, «барлығына қарсымын» бағанын енгізу – қазақстандықтардың сайлауға қатысуға деген белсенділігін арттырады.
Фото: ашық дереккөзі
Фото: ашық дереккөзі

ҚР президентінің көмекшісі Ерлан Қарин алдағы ауыл әкімдерін сайлауға арналған бюллетеньдерінде «барлығына қарсымын» бағаны енгізілетінін мәлімдеді.

«Ауыл әкімдерін сайлау қарсаңында мемлекет басшысының жүргізіп жатқан саяси реформаларының аясында тағы бір бастамасы іске қосылады. Ол сайлау бюллетеніне «барлығына қарсымын» бағанын қосуды көздейді.

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев қолданыстағы заңнамаға бұл норманы енгізу қажеттігі туралы алғаш рет осы жылдың 15 қаңтарында 7-ші шақырылған Парламенттінің бірінші сессиясын ашу кезінде айтқан болатын. Одан кейін тиісті заң жобасы әзірленді. Ал 24 мамырда Мелекет басшысы «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Конституциялық заңға және «Сайлау мәселелері бойынша кейбір заңнамалық актілерге өзгертулер мен толықтырулар енгізу туралы» ілесе заңға қол қойып, ол маусым айының басында күшінде енді», – деп жазады президент көмекшісі.

Сөзінше, «барлығына қарсымын» бағанын енгізу – қазақстандықтардың сайлауға қатысуға деген белсенділігін арттырады. 

«Толықтай алғанда «барлығына қарсымын» бағанын енгізу азаматтардың сайлау құқығын кеңейтуге қарай жасалған тағы бір үлкен қадам саналады. Бұл новелла сайлау барысында саяси көзқарастардың барлық спектрын паш етуге мүмкіндік береді. Қазақстандықтардың саяси мәдениеті мен сайлаушылық белсенділігін арттыруға септігін тигізеді», – деді ол.
 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары

Тегтер:

#дауыс беру