$ 494.87  520.65  4.91

Елордада жағалауда велосипедпен жүрген жалаңаш азамат ұсталды

Сот шешімімен ол қамауға алынып, айыппұл салынды.

Нұр-Сұлтанда ер адам жалаңаш жағалауда велосипед тепкен, - деп хабарлайды Tengrinews.kz.

Оқиға таңертең ерте шамамен сағат 7.14-те болған. Оқиға орнына патрульдік полицейлер барған кезде  велосипедшінің мас екені анықталған. Ер адам ұсталды. Киімнен аяқ киімі ғана болған. 

"42 жастағы тәртіп бұзушының айтуынша, ол түнде құрбысымен бірге су жағасында ішімдік ішкен. Кейін салқындаймын деп өзенге түскен. Ал судан шыққанда киімі болмаған. Танысы оның заттарын алып, белгісіз бағытта кетіп қалған. Сөйтіп өзі кездесуге келген көліктің артынан велосипед алып, Бараев көшесіне үйіне бар жатқан. Ұсталған азамат мас күйде болғандықтан көлікке отырмағанын айтты", - деді елордалық полиция департаментіндегілер.

Полиция қызметкерлері екі бап бойынша әкімшілік іс қозғады - қоғамдық орындарда ішімдік ішкені үшін және басқаларды сыйламай қоғамдық тәртіпті бұзатын іс-әрекет жасағаны үшін.

Сот шешімімен азамат қамауға алынып, айыппұл салынды.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары