$ 487.37  532.94  5.09

Қарағандыдағы саябақта көмілген арыстанның неден өлгені анықталды

Арыстанның денесін ашқанда, оның инфекциялық аурудан өлгені белгілі болды.
Фото: ашық дерекөз
Фото: ашық дерекөз

Ветеринарлар Қарағандының орталық саябағында көмілген арыстанның неден өлгенінін анықтады, деп хабарлайды Stan.kz.

Олардың хабарлауынша, саябақтан табылған аң африкалық арыстанның 10 айлық күшігі. Оның аты Марс, ол Қарағанды зоосаябағында тұрған.

Арыстанның денесін ашқанда, оның инфекциялық аурудан өлгені белгілі болды. 

"15 маусымда жануар ауырып, жеке мал дәрігерлік емханасында емделген. Жүргізілген емдік шараларға қарамастан, 22 маусымда ол өлген. Жануардың денесі табылған соң Михайловск полиция бөлімінің жазбаша ұйғарымы бойынша жеке мал дәрігерлік емханада денеге патологанатомиялық зерттеу жүргізілді. Нәтижесінде жануардың панлейкопения секілді инфекциялық аурумен ауруы мүмкін екені анықталды. Бұған ішектің жуан бөлігінің және шажырқайдың жағдайы мен құрсақ қуысында жиналған сұйықтық дәлел бола алады. Ауру мен өлім арасында тікелей байланыс бар", - деді Қарағанды облысы аймақтық ветеринарлық бақылау және қадағалау инспекциясында.

Арыстанның денесі ашылған соң жануарлар зиратында, Беккари шұңқырында жойылды.

Қазір полиция қызметкерлері иесінің арыстанды неліктен саябақ аумағында көмгенін анықтап жатыр. Тергеу аяқталғаннан кейін арыстанның иесі жануардың өлгенін хабарламағаны үшін әкімшілік жауапқа тартылуы мүмкін.

Бұған дейін Қарағандыда орталық саябақ аумағында арыстанның өлексесі көмілген жер табылғаны хабарланды.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары