29.06.2021, 15:20

Қайықтың ішінен 20 адамның мәйіті табылды

Фото: ашық дерекөз
Қайғылы оқиғаға не себеп болғаны әзірге белгісіз.

Кариб теңізіндегі Теркс және Кайкос жағалауларынан 20 адамның мәйіті жатқан қайық табылды, деп хабарлайды ЭК.

Turks and Caicos SUN Newspaper басылымының жазуынша, қайық Гранд-Терк аралы маңында жүзіп бара жатқан. Бірінші болып оны балықшылар байқаған. Кейін кемеде мәйіттер барын көріп, полиция қызметкерлерін шақырған. Бортта 20 адамның денесі болған, оның екеуі бала.

Қайғылы оқиғаға не себеп болғаны әзірге белгісіз. Ал жергілікті тәртіп сақшыларының айтуынша, бұдан қылмыстың іздері байқалмаған.