Алматыда көшеде ер адамды өлтіріп кетті. Қалалық Полиция департаментінен мәлім еткендей, «Буран-291» патрульдік экипажы күдіктіні «ізін суытпай» ұстады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy Қазақпаратқа сілтеме жасап.
«Ұсталған күдіктінің айтуынша, ол тек пышақпен қорғанған, ал қарудың қарсыласының денесіне қалай тигенін білмейді. Сонымен қатар, оның мас болғаны анықталды», - деп хабарлады полициядан.
Күдікті Алматы облысы, Қарасай ауданының 45 жастағы тұрғыны.
Күдікті мен куәгерлер полиция бөліміне жеткізілді. Арнайы топ оқиға болған жерді қарау кезінде қылмыс қаруын тауып, сараптамаға жіберді.