$ 494.87  520.65  4.91

Елордада карантин тағы да күшейтілді

Саябақ аймағында орналасқан ашық ауадағы аттракциондардың барлық түрлеріне тыйым салу.
Фото: ашық дереккөзі
Фото: ашық дереккөзі

Нұр-Сұлтанда карантин талаптары тағы да күшейтілді. Елорда бас санитария дәрігерінің жаңа қаулысы шықты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz.

Қаланың бас санитария дәрігері Сархат Бейсенова Нұр-Сұлтан қаласында коронавирус инфекциясы бойынша эпидемиологиялық жағдайдың нашарлауына байланысты қаулы етті:

онлайн форматта ұйымдастыруды қоспағанда, жабық ғимараттарда қалалық мәдени іс-шараларды өткізуге тыйым салу;
саябақ аймағында орналасқан ашық ауадағы аттракциондардың барлық түрлеріне тыйым салу;

Ashyq жобасына қатысатын субъектілер (объектілер) үшін театрлардың, филармониялардың жұмысын отыратын орындар санының 20%-нан аспайтын толтырумен, көрермендерді қатардың ұзындығы бойынша  арасында екі кресло қалдырып және қатарлар бойынша шахматтық тәртіппен отырғызып, күшейтілген санитариялық-эпидемияға қарсы, санитариялық-профилактикалық іс-шараларды  сақтаумен, акциялар өткізбей, жұмыс кестесін жұмыс және демалыс күндері сағат 10.00-ден 24.00-ге дейін белгілеумен ұйымдастыру;

Ashyq жобасына қатысатын субъектілер (объектілер) үшін  кинотеатрлардың жұмысын отыратын орындар санының 30%-нан аспайтын толтырумен, көрермендерді қатардың ұзындығы бойынша  арасында екі кресло қалдырып және қатарлар бойынша шахматтық тәртіппен отырғызып, күшейтілген санитариялық-эпидемияға қарсы, санитариялық-профилактикалық іс-шараларды  сақтаумен, акциялар өткізбей, жұмыс кестесін жұмыс және демалыс күндері сағат 10.00-ден 24.00-ге дейін белгілеумен ұйымдастыру.

Қаулының толық нұсқасымен мына сілтеме бойынша танысуға болады.

Қаулы 2021 жылдың 2 шілдесінен бастап күшіне енеді.

Айта кетейік, елордада карантин кейінгі рет 24 маусымда күшейтілген болатын. 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары