29 маусым күні S&P GlobalRatings халықаралық рейтинг агенттігі «KaspiBank» АҚ-ның рейтингтері бойынша болжамды «Жағымды» деңгейіне дейін көтерді.
S&P Global бір неше маңызды факторларды айтып өтті:
Құрамына Kaspi Bank кіретін Kaspi.kz 2021 жылы төлем және электронды коммерция сегментінде айтарлықтай өсім көрсетуін жалғастыруда. Ай сайынбелсендіклиенттердің саны 10 млн адамғажетіпотыр, ал орташакапиталғақайтарукөрсеткішірекордтықмәнге - 85%-ғажетті.
Kaspi.kz-тің басшысы Михаил Ломтадзе былай атап өтті:
«Рейтингтер бойынша болжамның жақсаруы – Қазақстанда жасалған бизнес-моделіміздің бірегей екенінің кезекті дәлелі. Кредиттік портфельдің жоғары сапасы біріншікезектекредиттікшешімдер қабылдаған кезде ең заманауи технологияларды пайдалануымызға байланысты. Kaspi қазақстандық банктер мен салыстырғанда ғана емес, ресейлік банктер мен салыстырғанда да өте жақсs көрсеткіштерді көрсетіп отыр, бұл командамызға бөлек мақтаныш факторы».
S&P Global сондай-ақ эмитенттің ұзақ мерзімді және қысқа мерзімді кредит рейтингтерін «BB - / B» деңгейінде және ұлттық шкала бойынша «kzA» рейтингін растады.