$ 444.32  473.33  4.76

Ақтаудағы Rixos қонақүйі маңында құрылысшылар арасында жанжал шықты

Дерек бойынша жанжалға қатысқан жұмысшылардан араз-шақым түскен жоқ. Қазіргі уақытта жағдай тұрақталып, бақылауға алынған.
Фото: ашық дерекөз
Фото: ашық дерекөз

Rixos Water World Aktau қонақүйі ауданында салынып жатқан нысан құрылысшылары арасында жанжал шықты. Полиция департаментінің баспасөз қызметі оқиғаға қатысты түсінік берді, - деп хабарлайды Lada.kz.

Ведомство мәліметі бойынша, жұмысшылар арасындағы қақтығыс 29 маусымда шамамен кешкі сағат 19.20 кезінде құрылыс алаңында болған.

Кәсіпорынның күзет қызметі және қоғамдық тәртіпті қамтамасыз ететін полиция қызметкерлері құрылыс алаңындағы жанжалды тоқтатқан.

Оқиға орнында күзет бастығы, Ақтау полиция басқармасы бастығы және өңірлік полиция департаменті бастығының қатысуымен профилактикалық әңгіме жүргізілді.

Дерек бойынша жанжалға қатысқан жұмысшылардан араз-шақым түскен жоқ. Қазіргі уақытта жағдай тұрақталып, бақылауға алынған.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары