Жаңалықтар 30.06.2021 сағат 14:40

Нұр-Сұлтанда LRT құрылысы ресми түрде қайта басталды

Белсенді жұмыс қаржы түскен кезде басталады. Қазір байқау өтіп жатыр.
Нұр-Сұлтанда LRT құрылысы ресми түрде қайта басталды
Фото: ашық дерекөз
Бөлісу
Бөлісу
Бөлісу

Бұл туралы Нұр-Сұлтан қаласының әкімі Алтай Көлгінов ҚР Президенті жанындағы ОКҚ-да өткен брифингте айтты.

Қазір құрылыс маусымы басталған соң Astana LRT бойынша жұмыстар қайта жанданды. Талаптар келісімде көрсетілгендей қалды. Қытай және отандық серіктестер келісім бойынша жұмыс жүргізіп жатыр. Бірақ ол айтарлықтай белсенді емес. Белсенді жұмыс қаржы түскен кезде басталады. Қазір байқау өтіп жатыр. Банктарды таңдау қарастырылуда. Қаржы көзі анықталған соң жұмыс белсенді бола түседі, - деді Көлгінов.

Ол атағандай, бетон, құрылыс-монтаж жұмысы басталмай тұрып техникалық сараптама жүргізіледі.

Техникалық бақылау қызметі бар. Тексеру бойынша сарапшылар жұмыс жүргізіп жатыр, - деді әкім.

Бұған дейін қытайлық мердігердің дайындық жұмыстарын жүргізіп жатқаны белгілі болған еді.

Оқи отырыңыз

загрузка...

Соңғы жаңалықтар

Аптасына бір рет ең танымал мақалалардың дайджесін жібереміз

Қызықты материалдар