$ 494.87  520.65  4.91

Шыңғыртып жылатқан: Нәрестеге «қауіпті» массаж жасаған әйел жұрт наразылығын тудырды (ВИДЕО)

Әйел салмағын салып баланың ішінен қатты басады және оның аяқ-қолын созады.
Фото: видеодан скриншот
Фото: видеодан скриншот

Маңғыстау облысында сәбиге «қауіпті» массаж жасаған әйелдің видеосы резонанс тудырды. Бейнеу кентінің полициясы әйелдің кәсібилігіне тексеру жүргізіп жатыр, – деп хабарлады «Лада» басылымы.

Әлеуметтік желіде тараған бейнекадрдан медициналық халат кимеген әрі қорғаныш маскасын тақпаған әйелдің балаға массаж жасап жатқаны көрінеді. Массаж барысында сәбидің шыңғырып жылағаны естіледі. Әйел салмағын салып баланың ішінен қатты басады және оның аяқ-қолын созады. Сонымен қатар, баланың мойнынан ұстап сілкиді.

Назар аударыңыз! Видеоны жүйке-жүйесі әлсіз адамдарға, жүкті әйелдер мен балаларға көруге болмайды!


Маңғыстау облысының полиция департаменті видеодағы әйелдің кәсібилігіне тексеру жүргізуде.

«Әйел жұмыс істейтін сұлулық салонына Бейнеу полициясының бастығы барды. Онда әйел мен баланың ата-анасы шақырылды. Полицияға арыз түспегені белгілі болды. Алайда әлеуметтік желілерді бақылау кезінде факт тіркеліп, істің барлық мән-жайын анықтау үшін тексеру жүргізіліп жатыр», – деді полиция өкілі.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары

Тегтер:

#сәби #массаж