$ 448.89  477.93  4.76

Алматының бірқатар аудандарында суық су беру тоқтатылды

Алматыда бірқатар нысандарға суық су беру тоқтатылды, деп хабарлайды «Алматы Су» холдингі.

Хабарламада айтылғандай, 28 шілде сағат 10:00-19:00 аралығында Ақсай 4 ықшам ауданы, №34, 38, 39, 40, 41тұрғын үйлерде суық су беру тоқтатылады.

«Жөндеу жұмыстарын жүргізуге байланысты сағат 10:30-13:30 аралығында Құлагер шағын ауданындағы № 63, 64, 66, 67, 68, 69, Омарова көшесіндегі № 70, 71, 72, 73, 73а, 73в, 74, 75, 76, 77, 78, 83, 85, 89, 91, 93, 95 тұрғын үй мен нысандарға суық су беру тоқтатылады. Ал 10:30-19:00 сағат аралығында Достық ықшам ауданында су болмайды. Сонымен қатар, сағат 9:00-13:00 аралығында Жароков көшесіндегі 205а, Жандарбеков 222 үйлерге су уақытша берілмейді. Ал сағат 10:00-14:00 аралығында Шухова мен Крымская көшелерінде уақытша су берілмейді», делінген хабарламада.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары