$ 442.05  474.14  4.74

Елбасы Винченцо Нибалиге құттықтауын жолдады

Елбасы Винченцо Нибалиді «Тур де Франс» жарысындағы жеңісімен құттықтады, деп хабарлайды Skifnews.kz.

Ақорданың баспасөз қызметі таратқан мәліметке сай, Қазақстан Президенті әлемнің үздік кәсіпқой велошабандоздарының бәсекесіне қазақстандықтар бір ай бойы куә болғанын айтты.

«Сіздің еңбегіңіз бен жеңіске деген жігеріңіз барлық кезеңде біздің велокомандаға Қазақстанның спорттық жетістіктерін тағы да танытуға мүмкіндік берді», делінген жеделхатта.

Мемлекет басшысы спортшыға және бүкіл «Астана» командасына велоспорттың басты жарыстарында топ жару жолындағы жемісті еңбек пен жанкешті күрес үшін ризашылық білдірді.

Нұрсұлтан Назарбаев Винченцо Нибалиге мықты денсаулық, бақ-береке, жаңа жеңістер мен спорттық жетістіктер тіледі.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары