Алматыда қоймада ірі өрт болды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Қалалық төтенше жағдайлар департаменті баспасөз қызметінен хабарлағандай, 3 шілде таңғы сағат 4:44 шамасында Жетісу ауданы Жетісу ауданындағы солтүстік айналма жолындағы қоймалардың өртенгені туралы хабарлама келіп түсті.
«Күштер мен құралдар жоғары дәрежедедегі шақырту бойынша шықты. Келген кезде қоймалар ашық жалынмен жанып жатты. Оқиға орнында штаб, 4 өрт сөндіру учаскесі құрылды, қолда бар сумен жабдықтау көздері іске қосылып, суды үздіксіз беру қамтамасыз етілді, өртті сөндіруге авиация тартылды», - деді ТЖД баспасөз қызметінен.
Тілсіз жауды ауыздықтауға 84 қызметкер мен 24 техника жұмылдырылды. Өрт таңғы сағат 07:44 минутта оқшауланып, 08:19 минутта толығымен жойылды. Қабылданған шаралардың арқасында сол маңдағы 4 қоймаға өрттің таралуына жол берілмеді.