Қазақстан аумағын қамтыған аномалды жылу алдағы демалыс күндері сақталады. Кейбір өңірлерде ауа температурасы 45 градусқа дейін, ал Нұр-Сұлтанда термометр +35 градусқа дейін көтеріледі, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты «Қазгидромет» РМК-ға сілтеме жасап.
Алдағы демалыс күндері, яғни 3-5 шілдеде республиканың солтүстігінде, солтүстік-батысында, орталығында атмосфералық фронтальды бөліктердің өтуіне байланысты өткінші жаңбыр жауып, күн күркірейді.
Республиканың солтүстігінде, солтүстік-батысында, батысында және орталығында ауа температурасы түнде +15+23 градус, күндіз термометрлер +35+40 градус болады. Еліміздің шығысында ауа температурасы түнде +12+20℃ +17+25°С, күндіз +27+35℃ +30+38°С, ал оңтүстік-батыста, Қазақстанның оңтүстігінде түнгі температура +20+28°С, күндіз +35+45°С болады.