$ 494.87  520.65  4.91

Нұр-Сұлтандағы 4 жасар Алисаның өлімі: Қыздың ата-анасы дәрігерлермен татуласқанын мәлімдеді

Тісін емдетуге барған Алиса Зеленаяға қате ем жасалып, 2019 жылдың желтоқсан айында комаға түскен еді.
Фото: ашық дерекөз
Фото: ашық дерекөз

Нұр-Сұлтандағы стоматологиялық клиникаға барғаннан кейін комаға түсіп, қайтыс болған 4 жасар Алиса Зеленаяның ата-анасы мәлімдеме жасады, деп хабарлайды Stan.kz. 

"Біз “Доктор БРО "("Классик-Ара" ЖШС) стоматологиясына, оның басшылығы мен осы клиниканың дәрігерлеріне наразылығымыз жоқ екенін ресми түрде мәлімдейміз. Біз қызымыз Алисаны емдеуге байланысты арамызда болған келіспеушіліктерді шешіп, стоматологиямен татуласқанымызды растаймыз.

“Доктор БРО” стаматологиясының басшылығы мен дәрігерлері бізге 26,5 миллион теңге көлемінде талап етілетін моральдық залалды өтеді. Және төлеуін жалғастыруда. Бүгінгі таңда 11,5 миллион теңге қолымызға берілді.

Бітімгершілік келісімге қол қою кезінде сегіз миллион теңге төленді. Қазір бізде стоматологияға қатысты ешқандай шағым жоқ. Бейбіт келісімге қол қойдық", - дейді Александр мен Анастасия Зеленаялар Instagram парақшасында.

Ерлі-зайыптылар осы уақытқа дейін көмектескендердің барлығына алғыс білдіріп, енді бұл тақырыпты көтергісі келмейтіндерін айтты.

"Біз әлеуметтік желілерді жауып, жаңа өмір бастадық", - деді олар.

Еске салайық, тісін емдетуге барған Алиса Зеленаяға қате ем жасалып, 2019 жылдың желтоқсан айында комаға түскен еді. Тыныс алуы қиындаған соң, жасанды желдету аппаратына қосылған. Салдарынан өкпесі қабынған. Осылайша, сегіз айдан бері ес-түзсіз жатқан уақытында елордалық 2 жасар сәбидің дертіне пневмония қосылды. Комада бір жарым жыл жатқан бүлдіршін жақында көз жұмды.

Ал осы оқиғаға қатысты қозғалған қылмыстық іс бір орында тұралап қалған еді. Бүлдіршіннің анасы арада 8 ай уақыт өтсе де ешкімнің жазаланбағанына налыған болатын.

 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары