$ 448.89  477.93  4.76

46 градусқа дейін ыстық: 13 өңірде ескерту жарияланды

5-6 шілдеде күндіз Шығыс Қазақстан облысының> кей жерлерінде 40 градус өте қатты ыстық күтіледі.
Фото: ашық дереккөзі
Фото: ашық дереккөзі

 «Қазгидромет» РМК ауа райының қолайсыздығына байланысты бірнеше өңірде ескерту жариялады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Атап айтқанда, 4 шілдеде күндіз Қызылорда облысының> кей жерлерінде құрғақ найзағай, шаңды дауыл күтіледі. Жел солтүстіктен, солтүстік-шығыстан соғады, күндіз күші кей жерлерде 15-20 м/с артады.

4 шілдеде күндіз Ақмола облысының> кей жерлерінде 41 градус өте қатты ыстық сақталады. Өте жоғары өрт қаупі болады.

4-6 шілдеде күндіз Қарағанды облысының> кей жерлерінде 40-45 градус өте қатты ыстық сақталады. Өте жоғары өрт қаупі болады.

5-6 шілдеде күндіз Шығыс Қазақстан облысының> кей жерлерінде 40 градус өте қатты ыстық күтіледі. Өте жоғары өрт каупі сақталады.

5-7 шілдеде күндіз Түркістан облысының> кей жерлерінде 46 градус өте қатты ыстық күтіледі. Өте жоғары өрт қаупі болады.

4-8 шілдеде күндіз Жамбыл облысының> кей жерлерінде 43 градус өте қатты ыстық күтіледі. Өте жоғары өрт қаупі сақталады.

4-5 шілдеде күндіз Нұр-Сұлтан қаласында>35-37 градус қатты ыстық сақталады.

4-8 шілдеде күндіз Алматы облысының> кей жерлерінде 42 градус өте қатты ыстық күтіледі, төтенше өрт қаупі сақталады.

4-5 шілдеде күндіз Ақтөбе облысында> 39 градусқа дейінгі қатты ыстық, өте жоғары өрт қаупі сақталады.

4 шілдеде күндіз Павлодар облысында> 35-38 градусқа дейін қатты ыстық күтіледі.

4 шілдеде күндіз Батыс Қазақстан облысының> кей жерлерінде найзағай, дауыл, бұршақ, күтіледі. Күндіз кей жерлерде 37 градусқа дейін өте қатты ыстық болжанады. Жел солтүстік-батыстан соғады, екпіні күндіз кей жерлерде 15-20 м/с болады. Жекелеген аумақтарда өте жоғары өрт қаупі сақталады.

4 шілдеде Солтүстік Қазақстан облысының> кей жерлерінде найзағай, дауыл күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, кей жерлерде 15-20 м/с. Күндіз 35-38 градусқа дейін қатты ыстық, өте жоғары өрт қаупі сақталады.

4 шілдеде күндіз Маңғыстау облысында> 40-41 градус қатты ыстық, өте жоғары өрт қаупі сақталады.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары

Тегтер:

#ауа райы