$ 494.87  520.65  4.91

«Үкімет отставкаға кетсін!»: Алматыда митинг өтті

Шеруге келген топ өздерімен "Қымбатшылық қысып барады", "Үкімет отставкаға кетсін" деген сөздер жазылған плакаттар ала келіпті.
Фото: stan.kz
Фото: stan.kz

Бүгін 6 шілдеде Алматы қаласында елімізде тіркелмеген Демократиялық партия митинг өткізді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

Алматыдағы Балуан Шолақ атындағы спорт сарайының маңында белсенді Жанболат Мамай бастаған Демократиялық партия митинг өткізді. Наразы топ Қытайдың экспансиясы мен елдегі қуаңшылық, азық-түліктің қымбаттауы секілді мәселелерді көтерді. 


Митингке шамамен 50 шақты адам жиналды. 

"Бүгін мейрам дейді, бірақ елімізде мынадай жағдай болып жатса қайдағы мейрам? Жемқорлықтың салдарынан еліміз кедейліктен көз ашпайды. Билік халықтың қамын ойламайды", – деді Жанболат Мамай. 

Шеруге келген топ өздерімен "Қымбатшылық қысып барады", "Үкімет отставкаға кетсін" деген сөздер жазылған плакаттар ала келіпті. Шерушілердің бірі елорданың атауын "Алашорда" деп өзгерту керек екенін айтады. 

Айта кетсек, Алматы "қызыл" аймаққа өтуіне орай қалада қатаң карантин енгізілген еді. Қаланың бас санитар дәрігері Жандарбек Бекшиннің қаулысы бойынша Алматыда митинг өткізуге тыйым салынған. 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары

Тегтер:

#митинг