$ 449.58  486.94  4.86

Алматы облысында үш жолаушысы бар тікұшақ құлады

Зардап шеккендер жоқ.

Алматы облысында Eurocopter «EC 130B4» тікұшағы құлады, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. Бұл туралы азаматтық авиация комитеті мәлімдеген. 

Оқиға 2021 жылдың 5 шілдесінде Алматы облысында сағат 17:40-та болған. Eurocopter «EC 130B4» тікұшағы жайлы қонбаған, тіркеу нөмірі UP-EC008, «AVIA» ЖШС пайдаланушысы. Әуе кемесінің бортында экипаждың бір мүшесі және екі жолаушы болған. Қуанышқа орай, зардап шеккендер жоқ.

«Аталған факті бойынша комиссия құрылды, ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің авиациялық оқиғалар мен инциденттерді тексеру басқармасы тергеу жүргізетін болады», – деп хабарлады ААК.

Eurocopter EC 130B4 – әртүрлі мақсаттарға арналған тікұшақ. Салоны алты орындық. Тікұшақты экскурсиялық ұшулар, VIP-жолаушыларды тасымалдау үшін пайдаланады, теңізде және тауда жұмыс істеу, аэротүсірілім және тағы басқа жағдайларда қолданылады.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары