$ 447.4  477.55  4.76

Қазақстандық Тоқаевтың бейнесін денесіне салдырды

Ол бұрын Назарбаевтың бейнесін денесіне салдырған.

Денеге сурет салатын шебер Айтқабыл Бұзаубаев Instagram-парақшасында жұмыс жасау процесі түсірілген видео жариялады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz.

Айтқабыл бұл іспен бес жыл бойы айналысатынын, негізінен фильм кейіпкерлерін, актерлерді, музыканттар бейнесін денесіне салдырғысы келетіндер жиі жүгінетінін айтты. Оның айтуынша, саясаткердің бейнесін салдыруды қалайтын адам бірінші рет кездескен.

Ол бұл туындыны 4 сағат ішінде жасаған. Алайда оның айтуынша, портрет әлі аяқталған жоқ: фон және суретті әрлеу жұмыстары үшін екінші сессия болады.

Жамбасына Тоқаевтың бейнесін салдырған адам өз атын жасыруды сұраған.

"Ол бұрын Назарбаевтың бейнесін денесіне салдырған. Енді оған Тоқаевтың бейнесін қосуды ұйғарыпты", - деді шебер.

Президенттің бейнесін денесіне салдырған адамның айтуынша, оған Тоқаевтың бірқатар бастамасы ұнайды. 

Айтқабыл татуды осы форматта салғанды ұнататынын мойындайды. Оның айтуынша, әйелдерге қарағанда ерлердің портреттерін салу оңай. 

Шебердің айтуынша, мұндай жұмыстар қиындығы, мөлшері, орнына байланысты бір сеансы 40-70 мың теңге тұрады.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары