Қасым-Жомарт Тоқаев Владимир Путинге көңіл айту жеделхатын жолдады, деп хабарлайды Ақорда.
Мемлекет басшысы Камчатка өлкесінде Ан-26 ұшағының апатқа ұшырауы салдарынан жолаушылар мен экипаж мүшелерінің қаза болуына байланысты қайғылы хабарды терең күйзеліспен қабылдады.
– Қазақстан халқының және жеке өзімнің атымнан орны толмас қайғыға ортақтаса отырып, қаза болғандардың жақындары мен туыстарына көңіл айтамын, – делінген Президенттің жеделхатында.
Еске сала кетейік, бүгін Ресейдің Камчатка өңірінде 28 адам мінген ұшақ апатқа ұшырап, жолаушылар түгел қаза тапты.