Жаңалықтар 06.07.2021 сағат 22:39

«Бұл менің ауыр қатем» - Назарбаев Рахат Әлиев туралы

2015 жылы Нұрсұлтан Назарбаев туыстарының Рахат Әлиев ісіне қандай көзқараста болғанын айтып берген еді.
«Бұл менің ауыр қатем» - Назарбаев Рахат Әлиев туралы
Фото: ашық дереккөзі
Бөлісу
Бөлісу
Бөлісу

Қазақстанның Тұңғыш президенті Нұрсұлтан Назарбаев Оливер Стоунның "Qazaq. История Золотого человека" атты сегіз сағаттық деректі фильмінде Рахат Әлиев туралы сұраққа жауап берді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz.

"Бұл менің ауыр қатем. Ол қаржы полициясының басшысы болды. Осы жағдайын пайдаланып, бизнесті тартып алды, ақша жинап, алып қойды. Оған бірде "Тоқта" дегенмін. Өзіңіз ойлап көріңізші, менің күйеу балам. Үш жиеншарым бар. Қызым, үш жиеншарым және оның әкесі бар, келді... Мен "Мен не істей аламын? Ол - қылмыскер" деп жауап бердім, - деді Тұңғыш Президент. 

Осыдан кейін Оливер Стоун бұл Назарбаевқа өте ауыр тиген шығар деп топшылады. 

"Өте ауыр тиді. Біреу-міреу болса... Ал мұнда өз адамың, сеніп, арқа сүйейді деген адамың...", - деді Елбасы бұл тақырыпты қозғағысы келмейтін Дариға Назарбаеваны түсінетінін айтып. 

2015 жылы Нұрсұлтан Назарбаев туыстарының Рахат Әлиев ісіне қандай көзқараста болғанын айтып берген еді. 

"Неге жұрт үш жиеншарымның әкесін түрмеге отырғызғанымды ұмытты? Анасымен бірге жылап маған келмеді деп ойлайсыздар ма? Келді. Уайымдамады дейсіздер ме? Әрине, уайымдадым. Бірақ мұның анық екенін, шектен шыққандық екенін түсінгенде тоқтай алмадым. Туыстар жиналды, бәрі көндіруге тырысты: "Бәрі өз қолыңда ғой, жаба салсаң қайтеді". Барлық туысыма, балаларыма, достарыма ешкім құтылмайтынын ескерттім", - деген еді Елбасы.

Еске салайық, Рахат Әлиев - Дариға Назарбаеваның күйеуі. 2007 жылға дейін ол Австриядағы елші қызметін атқарды, Қазақстанда жалпы алғанда 40 жылға бас бостандығынан айырылған. Оған бірқатар ауыр қылмыс жасады деген айып тағылған, олардың ішінде отанына сатқындық жасау, мемлекеттік төңкеріс жасау бар. Сот үкімдері сырттай шығарылған, себебі Әлиев 2007 жылдың көктемінен бері шетелде жасырынған.

Австрияның құқық қорғау органдары Рахат Әлиевті 2014 жылдың маусымында Венада ұстаған. Қазақстан Бас прокуратурасының сол кезде таратқан мәліметі бойынша, оны ұстауға "Нұрбанк" АҚ топ-менеджерлері Жолдас Теміралиев пен Айбар Хасеновті ұрлап, өлтіру дерегі бойынша материалдар себеп болған.

2015 жылдың 23 ақпанында Рахат Әлиев Венадағы уақытша ұстау изоляторында асылып қалған күйі табылған.

Оқи отырыңыз

загрузка...

Соңғы жаңалықтар

Аптасына бір рет ең танымал мақалалардың дайджесін жібереміз

Қызықты материалдар