$ 498.34  519.72  4.85

Ғалымдар: Алдағы уақытта коронавирустың тағы 22 штаммы пайда болуы мүмкін

Сонымен қатар сарапшылар коронавирустың бүкіл әлемге кең таралатын және пандемияның әртүрлі кезеңдерінде әрекет ететін өзгерістерін ескереді.
Фото: ашық дерекөз
Фото: ашық дерекөз

Vir Biotechnology және Темпл университетінің геномика және эволюциялық медицина институтының ғалымдары математикалық есептеулер негізінде коронавирустық мутацияны болжауға мүмкіндік беретін модель жасады, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

Олардың болжамына сәйкес, алдағы төрт айда 22 жаңа SARS-Cov-2 мутациясы пайда болады. Сонымен қатар сарапшылар коронавирустың бүкіл әлемге кең таралатын және пандемияның әртүрлі кезеңдерінде әрекет ететін өзгерістерін ескереді.

Модельдің коронавирустың жаңа мутациясы таралмай тұрып бес ай бұрын болжай алатындығы нақтыланған. Жаңа модельдің көмегімен ғалымдар бұған дейінгі вирус штаммдарынан бөлек,  L452R, P618R, E484Q мутациясын да болжады. Яғни бұл олардың үнділік "Delta" штаммы әлемге жайылмай тұрып, оның туындайтынын болжаған дегенді білдіреді. 

Еске салсақ, бұған дейін зерттеушілер коронавирустың жаңа тасымалдаушысын анықтаған еді. 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары