07.07.2021, 11:20

Елімізде алдағы уақытта жауын-шашынды ауа райы сақталады

Казгидромет мәлімдеме жасады

Каспий теңізінің солтүстігінде қалыптасқан циклон және онымен байланысты фронтальды бөлімдер, 8-10 шілде аралығында Қазақстанның бүкіл аумағын қамти отырып, солтүстік-шығыс бағытқа ығысатын болады деп жазады BAQ.KZ.

Осыған байланысты, батыста, солтүстік-батыста, солтүстікте, орталықта және шығыста нөсер жаңбыр жауып, найзағай ойнап,  жел тұрады. 

Қазгидрометтің мәліметінше, батыста ауа температурасы: түнде +13+23℃ дейін жылынады, ал күндіз +23 +32℃ дейін, республиканың солтүстігінде, солтүстік-батысында: түнде +10+21℃ болады, күндіз термометр +20+28℃ температураға жетеді.

Елдің орталығында және шығысында: түнде +13+23℃, күндіз +25+37℃, ал Қазақстанның оңтүстігінде және оңтүстік-шығысында – түнгі температура +18+25°С, күндіз +30+42°С.