Желі қолданушылары құйынның Алматы облысы Райымбек ауданында жүріп өткенін жазады.
«Полюстер ауысып жатыр», «Құдайым, сақтай гөр», «Ақырзаман деген осы», - деп жазыпты олар.
Аудан әкімдігінің мәліметінше, биыл аймақта құйын тіркелмеген.
Райымбек ауданы әкімінің баспасөз қызметі таратқан мәлімет бойынша, бұл видео монтаждалған. Ал кадр соңындағы құлаған ағаштар суреті Райымбек ауданында былтыр соққан қатты дауыл салдарынан құлаған.
«Видеоның соңындағы құлаған ағаштар шынымен де біздің облыста өткен жылы шілдеде түсірілген. Ал видеоның басындағы дауыл монтажбен қосылған. Еске салайық, 2020 жылдың 3 шілдесінде сағат 17.00 шамасында Ойқарағай орманында дауыл болған. Дауыл Шренк шыршасының 32,7 текше метрін бүлдірді. Кейінірек құлаған ағаштарды кесу жұмыстары жүргізілді», - деді әкімдіктегілер.