$ 444.32  473.33  4.76

«Жағдайы өте ауыр!»: Алматы тауларында жоғалған қыз табылды

Еске салсақ, іздеу-құтқару жұмыстарына көп құтқарушы жұмылдырылды: жоғалған қызды Республикалық жедел құтқару жасағының, "109" құтқару қызметінің қызметкерлері мен 75 ерікті іздеді.
фото: ДЧС Алматы
фото: ДЧС Алматы

Алматы тауларында жоғалған турист қыз Үлкен Алматы көлінің аймағынан табылды, деп хабарлайды қаланың ТЖ департаменті.

Еске салсақ, 1980 жылғы Әлия Қамиева 5 шілде күні тауға шыққан. Ұялы телефонын өзімен бірге алмаған. 7 шілде қыздың анасы құтқарушылардан көмек сұрады.

"10.56-да Үлкен Алматы көлі маңынан жоғалып кеткен Әлия Қамиева табылды. Оның жағдайы ауыр, қызды ауруханаға тасымалдау және жатқызу қажет. Департамент "Қазавиақұтқару" тікұшағын тартты", - деп мәлімдеді ведомстводағылар.
Еске салсақ, іздеу-құтқару жұмыстарына көп құтқарушы жұмылдырылды: жоғалған қызды Республикалық жедел құтқару жасағының, "109" құтқару қызметінің қызметкерлері мен 75 ерікті іздеді. Бұған қоса ұшқышсыз ұшу аппараты да тартылды.

 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары