Алматы тауларында жоғалған турист қыз Үлкен Алматы көлінің аймағынан табылды, деп хабарлайды қаланың ТЖ департаменті.
Еске салсақ, 1980 жылғы Әлия Қамиева 5 шілде күні тауға шыққан. Ұялы телефонын өзімен бірге алмаған. 7 шілде қыздың анасы құтқарушылардан көмек сұрады.
"10.56-да Үлкен Алматы көлі маңынан жоғалып кеткен Әлия Қамиева табылды. Оның жағдайы ауыр, қызды ауруханаға тасымалдау және жатқызу қажет. Департамент "Қазавиақұтқару" тікұшағын тартты", - деп мәлімдеді ведомстводағылар. Еске салсақ, іздеу-құтқару жұмыстарына көп құтқарушы жұмылдырылды: жоғалған қызды Республикалық жедел құтқару жасағының, "109" құтқару қызметінің қызметкерлері мен 75 ерікті іздеді. Бұған қоса ұшқышсыз ұшу аппараты да тартылды.