$ 447.4  477.55  4.76

Бойжеткенге қол көтерген сенатор Талғат Мұсабаев жазаға тартыла ма?

Бұған дейін елордалық бойжеткен Талғат Мұсабаевті өзіне шабуылдады деп айыптаған еді

Астана қалалық ПД өкілдері сенатор Талғат Мұсабаев пен бойжеткен арасындағы жанжал немен аяқталғанын айтты.

«Ағымдағы жылдың 24 маусымында 102 каналына Триатлон паркіндегі қақтығыс туралы қоңырау түсті. Оқиға орнына автопатруль жіберілді. Ер адам мен ит иесінің арасындағы жанжал үй жануарларын серуендету салдарынан болғандығы анықталды. Бұл фактіні тексеру барысында полицияға шара қолдану туралы жазбаша өтініштер келіп түскен жоқ», – деп хабарлады полиция өкілдері.

Еске салсақ, бұған дейін елордалық бойжеткен Талғат Мұсабаевті өзіне шабуылдады деп айыптаған еді. Оның сөзінше, сенатор қыздың қолынан ұрып жіберген.

Десек те, Талғат Мұсабаевтың өзі бойжеткеннің айыптауларының барлығын жоққа шығарды.

kznews.kz

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары