Орта салмақтағы қазақстандық боксшы Жәнібек Әлімханұлы (10-0, 6 КО) өз дивизионындағы чемпиондарды жекпе-жекке тағы шақырды, деп хабарлайды Vesti.kz.
Бұл жолы Жәнібек твиттер желісінде белбеуі бар үш боксшы — Джермалл Чарло (WBC), Деметриус Андраде (WBO) және Риота Муратамен (WBA Super) фотоколлаж жасап, «Оңай жұмыс» деп жазба қалдырыпты.
Әлімханұлы соңғы жекпе-жегінде әлемнің экс-чемпионы, америкалық Роб Брантты (26-3, 18 КО) жеңді. Осының арқасында ол WBO рейтингінде екінші, ал WBC тізімінде үшінші орынға жайғасты