$ 494.87  520.65  4.91

Ақтөбеде зейнеткер кісі әйелін пышақтап тастаған

Зейнеткер жұптың арасында жанжал туындаған.
Фото: ашық дереккөзі
Фото: ашық дереккөзі

Отбасылық жанжал қанды оқиғамен аяқталды, деп хабарлайды zakon.kz.

4 шілдеде зейнеткер жұптың арасында жанжал туындап, оның барысында 66 жастағы отағасы 60 жастағы әйелін пышақтап тастады. Қарнынан жарақаттанған жәбірленуші Ақтөбе медициналық орталығына жеткізілді, деп хабарлайды Ақтөбе облыстық ПД баспасөз қызметі.
Осы факті бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 106-бабы, "Денсаулыққа қасақана ауыр зиян келтіру" бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде. Сот-медициналық сараптама тағайындалды.

Осы баптың санкциясы үш жылдан сегіз жылға дейінгі мерзімге бас бостандығын шектеу немесе сол мерзімге бас бостандығынан айыру түріндегі жазаны қарастырады, - дейді Ақтөбе облысының ПД баспасөз қызметі.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары