$ 498.34  519.72  4.85

Ақмола облысында хабар-ошарсыз кеткен 61 жастағы ер адамның денесі табылды

Ер адамның денесі бүгін Көкшетау қаласынан әуежайға барар жолдағы орман алқабынан табылды.
Фото: ашық дерекөз
Фото: ашық дерекөз

Ақмола облысында хабар-ошарсыз кеткен 61 жастағы ер адамның денесі табылды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy ҚазАқпаратқа сілтеме жасап. 

Облыстық полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, биылғы маусымның 30-да Көкшетау қалалық полиция басқармасының кезекші бөліміне қала тұрғыны, 31 жастағы әйел хабарласып, 1960 жылы туған әкесі Болатбек Қорғанбекұлы Батталовты іздеп табуға көмек сұраған. 

Ер адамды іздеу жұмысына Көкшетау қалалық ПБ жеке құрамынан 20 адам, Ақмола облыстық ТЖД жеке құрамынан 5 адам, 15 волонтер, 40 курсант және 8 техника жұмылдырылды. 

Центральный, Васильковка шағынауданындағы пәтер иелерінен сұралып, бейнежазба камераларындағы жазбалар тексерілді. 

«Іздестіру жұмысының нәтижесінде ер адамның денесі 9 шілде сағат 10:00 шамасында Көкшетау қаласынан әуежайға барар жолдағы орман алқабынан табылды. Қазіргі кезде сот-медициналық сараптама тағайындалды. Оқиғаның мән-жайы анықталу үстінде», - деді ведомстводан. 

Айта кетсек, осыған дейін Ақмола облысында хабар-ошарсыз кеткен ер адамға іздеу жарияланған болатын.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары