$ 494.87  520.65  4.91

«Аяқ-қолын байлап, ойына келгенін істеді»: Алматыда жас жігіт мешітте зорланғанын мәлімдеді

Адвокат күдіктіні тексеру кезінде еркіндікке жібереді деп қорқады.

"Мен Бостандық полиция бөлімшесінде жүрмін. Жағдайдан абдырап тұрмын. Нұр-Мүбарак мешітінде күзетші жас жігітке жыныстық сипаттағы зорлық-зомбылық жасаған. Жас жігітіттің жеке тұғасы анықталды, бірақ оған өте қиын. Жігіт 18 жаста, оның дамуында біршама кідіріс бар, басынан өткені туралы егжей - тегжейлі айтты", - дейді Умарова.

“Жігіттің айтуынша, "күзетші бөлмесіне шақырып, аяқ-қолын байлап, ұзақ уақыт бойы ойына келгенін істеген. Мұны бірнеше рет жасапты … Ол жас жігіттің дамуындағы кідірісті пайдаланды", - деді Умарова.

Адвокат күдіктіні тексеру кезінде еркіндікке жібереді деп қорқады.

Сонымен қатар, Алматы полиция департаментінде аталған факті бойынша Бостандық ауданының полиция басқармасына 8 шілде, бейсенбі күні арыз келіп түскенін хабарлады.

"Бұл іс сексуалдық сипаттағы зорлық-зомбылық әрекеттері  бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексерудің бірыңғай тізілімінде тіркелген. Сот-медициналық сараптама тағайындалды. Күдікті - 1975 жылы туған К. есімді азамат  дереу ұсталды. Қазір ол полиция басқармасында. Бұлтартпау шарасын таңдау мәселесі шешілуде", - деді ПД.

Бұл әрекет үшін күдікті бес жылдан 15 жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін. Сонымен қатар, өндіріс аясында қажетті тергеу-жедел іс-шаралар кешенін өткізу жоспарланған. ДП тергеу толықтық, жан-жақтылық және объективтілік қағидаттарына қатаң сәйкестікте жүргізіледі деп сендірді.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары