$ 447.4  477.55  4.76

Еуропа чемпионаты. Бүгін финал

Еуропа чемпионын анықтау үшін Италия мен Англия құрамалары кездеседі.

Бүгін Лондондағы «Уэмбли» стадионында футболдан Еуропа чемпионын анықтау үшін Италия мен Англия құрамалары кездеседі.

Англия астанасы Лондон қаласындағы «Уэмбли» стадионында 11 шілдеден 12 шілдеге қараған түні Нұр-Сұлтан уақытымен сағат 00.50-де басталады.

Екі құрама арасындағы матчты «Qazaqstan» және «Qazsport» телеарналары тікелей эфирде көрсетеді.

Айта кетсек, екі құрама бұған дейін 27 мәрте кездескен екен. Оның 10-да Италия жеңіске жетіп, 8-де Англия басым түссе, қалғанында тең нәтиже тіркелген.

Сондай-ақ Англия құрамасына қолдау білдіру үшін стадионға 50 мың жанкүйер келеді деп болжам жасалып отыр.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары