$ 494.87  520.65  4.91

Оралда 80 жастағы қарияны пойыз қағып кетті

Оқиға 11 шілде күні Депо көпірі астында болды.
Фото: ашық дереккөз
Фото: ашық дереккөз

Оралда пойыз 80 жастағы қарияны қағып кетті. Ер азамат ауыр жарақаттармен ауруханаға түскен, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

Бұл туралы БҚО денсаулық сақтау басқармасының баспасөз хатшысы Айнагүл Сақпосынова мәлім етті. 

Оқиға 11 шілде күні Депо көпірі астында болды. Жедел жәрдемге сағат 09.17-де қоңырау шалынып, бригада төрт минуттан кейін жетті.

Алдын ала мәлімет бойынша 80 жастағы ер адам жабық ми жарақатын алып, миы шайқалған. Оң аяғы кесілген, сол жақ жіліншігі сынған ер адам облыстық көпбейінді ауруханаға жеткізілді. Қазіргі кезде оқиғаның жай-жапсары анықталу үстінде.

Еске салсақ, бұған дейін Оралда пойыз жас жігітті қағып өлтірген еді. 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары