12.07.2021, 10:00

«Вакцина екпейміз, зиян дейтіндер – әбден надан!» - ғылыми зерттеу институтының директоры (ВИДЕО)

Вакцина екпеймін деген адамдар өздерінің өмірін қауіпке тігіп отыр.

ҚР БҒМ Ғылым комитетінің Биологиялық қауіпсіздік проблемаларының ғылыми зерттеу институтының бас директоры Закарья Күнсұлу Дальтонқызы Нартай Аралбайұлына берген сұхбатында көптеген өзекті мәселелерге тоқталды.

– Елімізде екінші фазадан өтіп, үшінші фазадан өтпеген вакциналарды жаппай азаматтарымыз егіп жатыр. Неліктен?! 

– Бұл жерде сізді қолдаймын. Мәселе мынандай бірінші фазада қауіпсіздік толық қарастырылады. Алғашқы вакцина яғни бірінші фазадан өткен вакцина аз адамныі санына салынады. Неге десеңіз ол беймәлім вакцина. Ол кімге қалай әсер етеді, оны ешкім білмейді. Оны Ресей 38 адамға өткізсе, бізде 44 адамға өткізді. Оларда армиядағы жауынгерлерге өткізсе, бізде қарапайым халыққа өткізді.

Бұл үшін міндетті түрде әрбір өткізген адамға 200.000 теңгеден төленді. Ал екінші кезең 180 күнде толық өтті, 200 адамға салынды. Және сол 200.000 теңге төленді бәріне. Бірінші фазада қауіпсіздік бақыланса, екінші фазада иммунитет бақыланды. Үшінші фазада пандемиялық профилактика бақыланды. Міне осы үш фаза арқылы өтті.

Әлем бойынша өтіп жатқан вакцинаның ешбір елде үшінші фазасы аяқталған жоқ. Осыны ұмытпау керек.

– Вакцина салдырмаймын дегендерге не айтар едіңіз?

– Вакцина екпеймін деген адамдар өздерінің өмірін қауіпке тігіп отыр. Өздері біледі. Әр адам өз-өзіне жауап беруі керек. Өзін бағалайтын, денсаулығына бей-жай қарамайтын, болашағына алаңдайтын адам бұл вакцинаны міндетті түрде салдырту керек.

– Адамдардың бойында вакцина салдыртуға күмән көп. Вакцина ектірмеймін дегендер надан ба?! 

– Надан! Әбден надан! Бұлар ғалымдардың зерттеуін, дамуын, өсуін, еңбегін білмейтін не білгісі келмейтін адамдар деп есептеймін.

newsroom.kz