$ 498.51  522.84  4.81

«Нұрлы жер» бойынша берілген үйлер жаңбырға шыдай алмады

2022 жылы үйлерге берілетін кепілдік аяқталуға жақын.

Қостанайда «Нұрлы жер» бағдарламасы бойынша салынған тұрғын үйдің тұрғындары сапасыз пәтерлерге шағымданды. Бұл туралы Orda.kz kstnews.kz-ке сілтеме жасап хабарлады.

2022 жылы үйлерге берілетін кепілдік аяқталуға жақын. Ал құрылыс салушы «Вахстрой» ЖШС әлі де жөндеу жұмыстарын жүргізбеген.

№6 үйдің тұрғыны Виктория Иванова пәтер жалдаушылар бұл мәселені екінші жыл көтеріп келе жатқанын айтты. Олар әкімдікке хат та жазған, тұрғын үй қатынастары бөлімімен, құрылыс салушымен де кездескен.  

Электрмен жабдықтау жүйесі сөніп қалса, бізді осы жерде тоқ соғып өлтіре ме деп қорқамыз! Бұл жаңа үйлер ғой! Барлығы не күтіп отыр? Түсініксіз… Апат орын алуы керек пе? – дейді Иванова.

№15 үйдің тұрғындары «үйдің сапасы сын көтермейді» дейді.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары