Қостанайда «Нұрлы жер» бағдарламасы бойынша салынған тұрғын үйдің тұрғындары сапасыз пәтерлерге шағымданды. Бұл туралы Orda.kz kstnews.kz-ке сілтеме жасап хабарлады.
2022 жылы үйлерге берілетін кепілдік аяқталуға жақын. Ал құрылыс салушы «Вахстрой» ЖШС әлі де жөндеу жұмыстарын жүргізбеген.
№6 үйдің тұрғыны Виктория Иванова пәтер жалдаушылар бұл мәселені екінші жыл көтеріп келе жатқанын айтты. Олар әкімдікке хат та жазған, тұрғын үй қатынастары бөлімімен, құрылыс салушымен де кездескен.
– Электрмен жабдықтау жүйесі сөніп қалса, бізді осы жерде тоқ соғып өлтіре ме деп қорқамыз! Бұл жаңа үйлер ғой! Барлығы не күтіп отыр? Түсініксіз… Апат орын алуы керек пе? – дейді Иванова.
№15 үйдің тұрғындары «үйдің сапасы сын көтермейді» дейді.