$ 442.05  474.14  4.74

Көлікте отырып дәрет сындырған алматылық полицей жұмыстан қуылды

Алматыда көліктің ішінде отырып дәрет сындырған полиция қызметкері ақыры жұмысынан қуылды. Тал түсте мейрамхана алдында анайы қылығымен жұрттың наразылығын тудырған тәртіп сақшысы үшін басшысы да жазаланып отыр. Бұл туралы Алматы қалалық ІІД-нің баспасөз қызметі хабарлады.

"Қызметтік тексерудің нәтижесінде және тәртіптік комиссияның ұсынысымен, ішкі істер органдарының атына кір келтіретін әрекеті үшін Түркісіб аудандық жергілікті полиция қызметінің қызметкері ішкі істер органдары қатарынан қуылды. Ол отырған көліктің иесі әрі жанында болған әріптесі де қызметінен босатылды. Сондай-ақ, олардың тікелей басшылары да тәртіптік жауапкершілікке тартылды", - делінген аталған хабарламада.

Естеріңізге салайық, бұл оқиға осыдан бірнеше күн бұрын Алматыдағы "Хохлушка" мейрамханасының алдында орын алған болатын.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары