$ 498.34  519.72  4.85

И.Тасмағамбетов Түркістандағы психоневрологиялық мекемеге тексеру жіберді

ҚР Премьер-министрінің орынбасары Иманғали Тасмағамбетов Түркістандағы психоневрологиялық әлеуметтік мекемесіне арнайы комиссия жіберді деп хабарлайды Үкіметтің ресми сайты. Кеше Nur.kz порталының тілшілері аталған мекемедегі адам шошырлық жайттар туралы жазып, науқастардың өте лас жағдайда өмір сүріп жатқанынан фоторепортаж әзірлеген болатын.

Аталған комиссияның құрамына әлеуметтік қызмет департаментінің директоры А. Төлеғалиева, психиатриялық ғылыми-тәжірибиелік орталығы директорының орынбасары Н. Нигай, қаржы департаментінің директоры Г. Имашева, әлеуметтік қорғау және еңбек комитетінің бас сарапшысы Р. Көшкімбековалар енді.

Ең әуелі комиссия құрамы осы мәселені жіті зерттеп, орын алған олқылықтың себебін анықтауы шарт. Барлық тексеру жұмыстары аяқталған соң жұмыс тобы сараптама қорытысын жария ететін болады. Бүгінгі күні кешенді тексеру жұмыстарын жүргізу үшін ҚР Бас прокуратурасына арнайы ұсыныс жасалынды.

Жұмыс тобының қорытындысына сәйкес, заңды бұзған тұлғалар жауапқа тартылады, сондай-ақ алдағы уақытта мұндай келеңсіздікке жол бермеу үшін арнайы шаралар жасалады.

Айта кетейік, дәл осы мекемеде ақыл-есі сау болса да "жынды" делінген бойжеткен Маржан Тұрлыбаева да жатқан болатын. Кейін сот арқылы ол өзінің сау екенін дәлелдеп, бостандыққа шықты. Бойжеткен қыз диспансерге тексеруді алдын ала ескертпей аяқасты жүргізу керек деп сол кезде-ақ мәлімдеген еді.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары