$ 494.87  520.65  4.91

Елімізде сәбіз бен картоп қашан арзандайды? - министр жауап берді

"Сәбіз бен картоптың қымбаттауына егіс алқаптарының қысқаруы себеп болды", - деді министр.
Фото: ашық дереккөзі
Фото: ашық дереккөзі

Сауда және интеграция министрі Бақыт Сұлтанов картоп пен сәбіз бағасын қашан төмендейтінін болжады, деп хабарлайды Stan.kz.

"Сәбіз мәселесіне келсек, көршілес Өзбекстанда да осындай проблема болды. Шын мәнінде, бізде қалыптасқан бағаның бір бөлігі біздің импорттауымыздан пайда болды, өйткені көрші Өзбекстан да, көрші Ресей Федерациясы да сұраныс тудырды. Қазіргі уақытта картоптың бағасы өзгергенін және арзандап жатқанын көріп отырмыз. Күзде де айтарлықтай бәрнеше есеге төмендейді деп күтеміз. Бірақ биыл сәбіз бойынша өнім жетіспеушілігі барлық жерде байқалады, оған егіс алқаптарының қысқаруы себеп болды", - деді министр.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары