$ 494.87  520.65  4.91

Жаңатас Көлгіновтің отшашуын қайталады

Бейнероликтің соңғы жағына «Ирина Кайратовна» тобының «5К» әнінің үзіндісі жалғанған.

Шілденің 12-і күні «Turaninfo.kz» ютуб арнасында астана күні (шілденің 6-ы) Жаңатас қаласында отшашу болып, концерт өтіп, халықтың алаңда қыдырып жүргені бейнеленген видео жарияланды. Бейнероликтің соңғы жағына «Ирина Кайратовна» тобының «5К» әнінің үзіндісі жалғанған. 

Видеоролик жарияланғаннан кейін Жаңатас қаласының әкімі Дүйсенәлі Борсықов «Facebook» желісінде отшашуға байланысты түсініктеме берген. Онда ол шара халықтың көңіл-күйін көтеру үшін жасалғанын, ал отшашуға бюджеттен бір тиын ақша бөлінбегінін, барлығын демеушілердің қолдауымен өткенін айтқан. 

«2021 жылдың 6 шілде де Жаңатастың орталық алаңында Астана күніне орай жоспарланған мерекелік шара өтті. Оған бюджеттен қаржы бөлу қарастырылған жоқ. Ал отшашуға келетін болсақ, ол халықтың көңіл-күйін көтеру мақсатында демеушілердің қаржысына жасалды», - деді Борсықов. 

Естеріңізде болса, былтыр коронавирус пандемиясы өршіп, халық дәрі таппай жүрген уақытта астана күніне арналып Нұр-Сұлтанда отшашу болған. Елорда әкімдігінің бұл бастамасы халықтың наразылығына ұшырап, ел бұны «өліктің үстіне билеу» деп бағалаған. Кейіннен қала басшысы Алтай Көлгінов «отшашу демеушілердің қолдауымен сатып алынғанын, шараның негізгі мақсаты халықтың көңіл-күйін көтеріп, коронавируспен күресте алдыңғы шепте жүрген медицина қызметкерлерін қолдау» екендігін айтқан. 

Халық арасында астана күнін экс-президент Нұрсұлтан Назарбаевтың туған күнімен байланыстырады. Себебі Назарбаев 6 шілдеде дүниеге келген.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары